Ережелер

Біздің қонақ үй кешенінің негізгі мақсаты - қонақтарымыздың демалысын жайлы, ыңғайлы, тыныш және қауыпсыз ету. Сіздің дамалысыңыз шынымен жайлы өтуі үшін, Сізден біздің тау курортында белгіленген тәртіп ережелерін сақтауды сұранамыз.

I. Брондау ережелері

1. Мына мекен-жайда депозит салған жағдайда номерлерге брон жасалады: Шымкет қ., Республика проспекті, Шымкент Отелі.

2. Орналасқанға дейін 3-тәулік мерзімде бронның күшін жойған жағдайда номер құнының 100% қайтарылады. Брондау 2-тәулікке дейін мерзімде жойылса, ағашқы тәуліктің 100% құны алынады.

3. Брондау 1-тәулікке жасалып, ал нақты тұру тәуліктен аз болғанда - төлем толық тәулікке алынады.

II. Орналасу, тұру және шығу ережелері

1. Орналасқан кезде жеке басты куәләндіратын құжаттарды көрсету қажет.

2. Нөмердің/коттедждің төлемі отельге кірер кезде жасалады.

3. Келген күні стандартты орналасу уақыты 14:00 бастап.

4. Кететін күні стандартты шығу уақыты: 12:00 дейін.

5. Мейрамхананың жұмыс кестесі 9:00-ден 24:00 дейін.

6. Таңы ас 9:00-ден 10:00 дейін беріледі.

7. Ата-анасының коттеджінде/нөмерінде жеке орынсыз тұратын 5-жасқа дейінгі балаларға төлемақы алынбайды.

8. Қосымша берілген орынға жасалатын төлемақы бекітілген прейскурантқа сәйкес жүргізіледі.

9. Төсек-орын тысын, сүлгіні және туалет бұйымдарын ауыстыру үш күнде 1-рет жүргізіледі.

Жоспардан тыс төсек тысын, жуғыш заттарды ауыстыру, ылғалды тазалау жұмыстары бекітілген прейскурантқа сәйкес жүргізіледі.

11. Шағын -бар бекітілген прейскурантқа сәйкес төленеді.

12. Қонақтарға автокөлігін курорт аумағына кіргізу және тұрағына қою үшін рұқсат қағазы беріледі. Жеке автокөліктер тек қоюға арнап бөлінген орындарда тұруы тиіс. Тау куроры аумағында автокөліктің жылдамдығы 5 км/сағ аспауға тиісті.

13. Тау курортына 18 жасқа толмағандардың келуіне тек ересектермен ілесіп жүрсе ғана рұқсат етіледі. Құрамында 18 жасқа толмағандар бар топ жетекшілерінде міндетті түрде оларды ілестіріп жүретіні жөнінде сенімхат болуы тиіс.

14. Өз азық-түлігін, спирттік ішімдіктерді және әртүрлі сусындарды әкелуге/кіргізуге/пайдалануға - қатаң тыйым салынады ( балалар тағамын қоспағанда);

15. Балаларды қараусыз қалдыруға, әсіресе су қоймасына, бассейнге, моншаға жақын жерде;

16. Өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында тау курорты аумағына қару, оңай тұтанғыш, жарылу қаупі бар, уландырғыш, күйдіргіш, улы, еліткіш заттар мен басқада қауіпті нәрселерді әкелуге және сақтауға, пиротехниканы пайдалануға.

сізді қызықтыруы мүмкін

КОТТЕДЖДЕР
Бұл бөлмелер-бұл өз үйімен қоршалған аумағы бар жеке жайлы үйлер. Екі кісілік кереуеттермен, кең шкафпен, кофе үстелі бар жұмсақ бұрышпен, т/к теледидармен, шағын тоңазытқышпен, микротолқынды пешпен, ыдыс-аяқ жиынтығымен, эл. шәйнек, фен, ванна (фин люкс - душ кабинасы) дәретхана және монша (халат және тәпішке) керек-жарақтары бар. Портативті барбекю сұраныс бойынша беріледі. Таңғы ас бөлме бағасына кіреді.
VIP КОТТЕДЖДЕР
Бұл коттедждерде жабық Қоршалған аймақ, бірнеше автокөлік тұрағы, жеке бассейн, кіріктірілген сауна және жабық жазғы беседка бар. Екі кісілік кереуеттермен, кең шкафпен, жұмсақ бұрышпен, асхана үстелімен (VIP 1 - 12 орын, VIP 2 - 8 орын), Т/к теледидармен, шағын тоңазытқышпен, микротолқынды пешпен, ыдыс-аяқ жиынтығымен, эл. шәйнек, фен, дәретхана және монша (халат және тәпішке) керек-жарақтары бар душ кабиналары. Портативті барбекю сұраныс бойынша беріледі. Таңғы ас бөлме бағасына кіреді.
Біз әлеуметтік желілерде:
Қазақстан Республикасы, Төлеби ауданы,Ақбастау ауылы
E-mail: almatau.shymkent@gmail.com

8 /7252/ 61 00 81
8 /7252/ 61 00 82

8 701 961 00 82